Ливан жарылысында көз жұмғандардың жаназасын шығару рәсімінде үш адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i57420-Ливан_жарылысында_көз_жұмғандардың_жаназасын_шығару_рәсімінде_үш_адам_қаза_тапты
Ливанның Сур қаласында орналасқан «Солтүстік мұнара» атты палестиналық қосында бір оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінде 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 14, 2021 00:03 Asia/Almaty

Ливанның Сур қаласында орналасқан «Солтүстік мұнара» атты палестиналық қосында бір оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінде 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, жергілікті  ақпарат көздері белгісіз біреулердің жаназаға қатысушыларға оқ атқанын, олардың қосындағы қауіпсіздік күштерімен қақтығысып қалғанын хабарлады.

Ливанның Қызыл крест қоғамы: «Атыстан қаза болғандар мен жараланғандардың саны артуы ықтимал»,-деп мәлімдеді.

Жұма күні Ливанның Сур қаласындағы «Солтүстік мұнара» атты палестиналық қосында бір бензин багында өрт шығып, от жанындағы мешіт пен оқ-дәрі қоймасына таралып, жарылыс болды.

Осы жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.