Сәу 21, 2016 17:17 Asia/Almaty
  • Рухани мен әл-Абади аймақ өзгерістері туралы кеңесті

ИИР Президенті мен Ирактың премьер-министрі аймақтағы соңғы өзгерістер, әсіресе, Ирак үкіметінің тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және лаңкестікпен күреске байланысты бағдарламалары туралы кеңесті.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абадимен телефон арқылы сұхбатында лаңкестік топтармен, соның ішінде, ИСИМ-мен күресті аймақ пен әлемдегі барлық жауапты үкіметтердің ортақ міндеті деп атап, Иранның бұл күресте Ирак үкіметі және халқымен бірге екенін, сондай-ақ, еш елінің көмектен аянып қалмайтынын мәлімдеді.

Иран Президенті кейбір елдердің лаңкестікпен күресте ұран айтудан әрекет ету кезеңіне өту керек екенін қуаттап: "Кейбір елдер сырт көзге лаңкестік топтармен күресіп жатқан сыңай танытқанымен, өкінішке орай, бұрынғысынша ИСИМ-ге қару-жарақтық тұрғыдан көмек көрсетіп, одан мұнай сатып алу арқылы бұл топты нығайтып отыр" деді.

Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади осы сұхбатта ИСИМ лаңкестік тобын аймақ пен әлем үшін қауіп-қатер деп атап: "Ирак халқы мен үкіметі Иранның ИСИМ-мен күрестегі табандылығын бағалайды" деді.

Әл-Абади ИСИМ-мен күресу үшін аймақтық ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттап: "Бұл ынтымақтастық аймақ пен әлем үшін пайдалы болады. Ирак үкіметі мен халқы лаңкестікпен кесімді түрде күресіп, оны өз жерінде түп-тамырымен жоюды көздеп отыр" деді.

Тегтер