Иракта америкалық күштердің миссиясы аяқталды деп жарияланды
(last modified Thu, 30 Dec 2021 09:27:44 GMT )
Жел 30, 2021 15:27 Asia/Almaty
  • Иракта америкалық күштердің миссиясы аяқталды деп жарияланды

Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи 29 желтоқстанда Твиттердегі жеке парақшасында: «АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің Ирактағы миссиясы аяқталды. Олардың барлық әскерилері мен әскери құрал-жабдықтары Ирактан толық шығарылды»,-деп жазды.

Әл-Каземи: «Стратегиялық келіссөздердің нәтижесінде коалиция күштерінің Ирактағы миссиясы кеңес беріп, қолдау көрсетумен шектелді»,-деді.

Америкалық әскерилер 2003 жылы Иракқа кірді. Баас режиміне қарсы соғысып, оны құлату АҚШ күштерінің Иракқа басып кіруіне сылтау болды. Өткен 19 жылда Ирактың үкіметі, Парламенті, халқы мен түрлі топтары бірнеше рет америкалық күштердің елден шығуын талап етті. Соның ішінде 2011 жылы осындай талап қойылып, америкалық күштердің бірқатары Ирактан шығарылды. Бұған қарамастан, 2014 жылы ДАИШ-тың Иракқа шабуылы америкалық күштерге тағы да осы елде қалуға сылтау болып, осы жолы ДАИШ-ке қарсы коалициялық күштер қалыбында орын алды.  

2017 жылы Иракта ДАИШ жеңіліс тапқаннан кейін осы елдің үкіметі америкалық күштердің шығуын тағы да талап етті. Бірақ бұл талаптар аса табанды болмады. АҚШ үкіметінің 2019 жылы 3 қаңтарда Сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы сардар қажы Қасым Солеймани мен Ирактың «Хашд-аш-Шааби» ұйымы басшысының бұрынғы орынбасары қажы Абу-Махди әл-Мохандеске террор жасауы америкалық күштерді елден шығару тақырыбының кең түрде талқылануына себеп болды.    

Ирак Парламенті сол жылы 5 қаңтарда қарсыласу өзегінің сардарларына жасалған террордан екі күн өткен соң америкалық күштерді осы елдің территориясынан шығару туралы қаулы бекітті. АҚШ-тың осы қаулыға қарсылығы Ирактың қарсыласу күштері мен америкалық күштер арасындағы қақтығыстарды арттырды.

Қазір америкалық күштердің толық шығарылғаны туралы хабар жарияланғанымен, бұған қатысты бірнеше маңызды жайт бар.

Біріншіден, америкалық күштердің Ирактан шығуы олардың Ауғанстаннан шыққанына ұқсас емес. Өйткені Ауғанстанда америкалық күштер шынымен-ақ шықты. Бұл елде басқа атаумен қалмады. Ал Иракта жағдай басқаша. Америкалық күштердің бір бөлігі, яғни 2 мыңнан аса адам Ирак күштерін үйрететін әскери кеңесші қалыбында осы елде қалды. Сондықтан Ирактан толық шықты деп айта алмаймыз.   

Екіншіден, америкалық күштердің әскери кеңесші ретінде қалуы Ирактың қарсыласу топтары мен АҚШ әскерилері арасында қақтығыстардың одан ары жалғасуына әкеліп соқтырды. Қақтығыстар жиі емес, бірақ жалғасуда.

Үшіншіден, америкалық күштер Ирактан толық шықпай, бір бөлігі әскери кеңесші ретінде қалды. Бірақ АҚШ күштерінің басым бөлігін шығарудың өзі Ирак үкіметі мен халқы үшін маңызды жеңіс саналады.

Тегтер