‌Йемен күштерінің БАӘ әскери кемесін тоқтатты
(last modified Tue, 04 Jan 2022 13:59:58 GMT )
Қаң 04, 2022 19:59 Asia/Almaty

Йемен қарулы күштерінің өкілі БАӘ әскери кемесін тоқтату операциясына тоқталып: «Басқыншыларға жауап берудің барлық нұсқалары қарастырылуда»,- деді.

Al-Masira-ның хабарлауынша,  Яхья Сари  дүйсенбі күні БАӘ әскери кемесін тоқтату бұрын-соңды болмаған операцияның егжей-тегжейлері туралы: «Йемен күштері бірнеше апта бойы кеменің Йемен суларындағы әрекеттерін бақылап келді. Кеме Йемен суларында дұшпандық әрекеттер жасаған. Бұл кемені басып алғаннан кейін біз оның ішінен түрлі қару-жарақ пен әскери техниканы тауып, тәркіледік. Қару-жарақ пен техниканың  бейнесі БАӘ Йемен халқын өлтіру үшін қандай қару жібергенін қоғамдық пікір білуі үшін жарияланды»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер