Бахрейнде 4 адам бас бостандығынан айырылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i5803
Бахрейнде адам құқығын бұзу фактілері жалғаса түсіп, Халифе әулеті режимінің соты Бахрейннің 4 азаматын бас бостандығынан айырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 22, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Бахрейнде 4 адам бас бостандығынан айырылды

Бахрейнде адам құқығын бұзу фактілері жалғаса түсіп, Халифе әулеті режимінің соты Бахрейннің 4 азаматын бас бостандығынан айырды.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрейндегі бір сот бейсенбі күні осы елдің 4 азаматын полицияға қарсы қатігездік жасады деген айыппен бас бостандығынан айырды.

Бұл 4 азамат 1 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта түрмеге қамалатын болды.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айынан бастап Халифе әулеті режиміне қарсы халықтың бейбіт наразылықтарының сахнасына айналды. Бұл режимнің күштері саудиялық әскерилердің көмегімен бейбіт наразылықтарды басып-жаншуда.

2011 жылдан бүгінге дейін жүздеген бахрейндік азамат осы елдің қайраткерлерін сынады деген сияқты айыптармен сотталып, ұзақ мерзімге түрмеге қамалды.

Осындай жағдайда Халықаралық Кешірім ұйымы бахрейндік қайраткерлерден үкіметке қарсы тұлғаларды тез арада, ешқандай шартсыз босатуды талап етті.