Йеменнің қарулы күштері: «Йемен дауылы» операциясы БАӘ-де сәтті өтті
Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі дүйсенбі күні кешке «Йемен дауылы» операциясының сәтті өтіп, мақсаттарына жеткенін хабарлады.
IRNA-ның Al-Masira-ға сүйеніп хабарлауыша, Яхья Сари: «Йемен дауылы» операциясы Дубай мен Абу-Даби әуежайларын, әл-Масфадағы мұнай өңдеу зауытын және БАӘ-ның басқа да бірқатар маңызды нысандарын нысанаға алды. Операция бес баллистикалық және қанатты зымырандармен және көптеген ұшқышсыз ұшақтармен сәтті жүзеге асырылды»,- деді. Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі йемендік қарулы күштер дүйсенбі күні басқыншы елдерге агрессия жалғаса берсе, ауыр соққылар беретінін ескертті. Сари: «Біз БАӘ-де тұратын шетелдік компанияларға, бұл елдің өзінің және шетелдік азаматтарға өмірлерін сақтап қалу үшін сезімтал нысандардан аулақ болуды ескертеміз. Йеменге шабуылдар жалғаса берсе, БАӘ-нің тыныштықтан айырылатынын жариялаймыз»,- деп мәлімдеді.