Абдулмалек Бадруддин: АҚШ пен сионистік режим – мұсылмандардың нағыз дұшпаны
https://itolqyn.com/news/west_asia-i58694
Йемендік Ансаролла қозғалысының бас хатшысы АҚШ пен сионистік режимнің өз мақсаттарына жету үшін Ислам үмбетінің ішкі мәселелерін пайдалануға тырысатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 02, 2022 18:01 Asia/Almaty
  • Абдулмалек Бадруддин: АҚШ пен сионистік режим – мұсылмандардың нағыз дұшпаны

Йемендік Ансаролла қозғалысының бас хатшысы АҚШ пен сионистік режимнің өз мақсаттарына жету үшін Ислам үмбетінің ішкі мәселелерін пайдалануға тырысатынын мәлімдеді.

Йемендік  Ансаролла  қозғалысының бас хатшысы  Абдулмалек Бадруддин  ел  тайпаларының   делегацияларымен кездесуінде әл-Джауфта қоғамдық келісімге келуге және қауіпсіздік, тұрақтылық және ынтымақтастық орнату үшін ресми тарап пен тұлғалар және ақсақалдар арасында ынтымақтастыққа  шақырды. Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: «Дұшпандар бірнеше бағытта халықты бір-бірінен ажыратып, олардың арасында келіспеушілік тудыруға тырысуда»,- деді. Бадруддин Израиль мен оның жақтастарының Йемен халқын ортақ дұшпаны санайтынына назар аудартып: «Әмірлік халқының, саудиялықтардың және сионистік режимнің біздің халыққа қарсы ұстанымдары олардың кездесулерінде айқын көрінеді»,- деп сөзін жалғады. Йемендік  Ансаролла  қозғалысының бас хатшысы елдің сыртқы әлемге бағынбауы үшін біртұтастық сақтап, жұмыла жұмыс істеуді халықтың міндеті деп атады.