Сионистік режим бақылаушысының Африка одағына мүшелігі тоқтатылды
(last modified Mon, 07 Feb 2022 10:10:24 GMT )
Ақп 07, 2022 16:10 Asia/Almaty
  • Сионистік режим бақылаушысының Африка одағына мүшелігі тоқтатылды

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, сенбі күні Эфиопия астанасы Аддис-Абеба қаласында Африка одағы басшыларының саммиты болды. Бұл одақ Израиль бақылаушысының мүшелігін тоқтатты. Соған қатысты 7 ел, соның ішінде Алжирден тұратын комитет құрылады.

Сионистік режимнің Сыртқы істер министрлігі 2021 жылы 22 шілдеде "Израильдің Эфиопиядағы елшісі Алелейн Адмасу Африка одағына бақылаушы мүше ретіндегі сенімхатын табыстады" деп мəлімдеген болатын. 7 араб елі Африка одағының сионистік режимге бақылаушы мәртебесін беру туралы шешіміне қарсылық білдірді. Мұны Араб лигасы да қолдады.

2021 жылы шілдеде сионистік режимді мүшелікке қабылдау Африка одағында дауыс берусіз жарияланды. Одақттың комиссия басшысы Мұса Факи Мұхаммед бұл шешімді өзі қабылдаған. Бұған араб жəне африкалық елдерінің көбі қатаң реакция білдірді.

Африканың 14 елінің Израильдің Африка одағына бақылаушы мүше болуына қарсы ұстаным білдіруі осы құрлықта сионистік режимге қарсы көңіл-күй қалыптасқанын көрсетеді. Тель-Авив Африка елдеріне ықпал ету үшін Судан мен Марокко сияқты елдермен қарым-қатынасын қалыптандырып, Африка одағы секілді ұйымдарға қосылуға талпынғанына қарамастан, бұл құрлықта оған қарсы кеңістік қалыптасқан.

Сионистік режим аймақта оқшау жағдайдан шығып, Африка елдерінің қазба байлықтары мен мүмкіндіктеріне қол жеткізу жəне қара құрлықта өз орнын табуға талпынып жүргеніне ондаған жыл болды. Тель-Авивтің мүдделеріне сай бұрын-соңды болмаған шаралар атқарған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың билігінің соңында Вашингтон сионистік режимнің талабына сəйкес қысым жасап, түрлі уəделер беру арқылы Судан мен Марокконы Тель-Авивпен қарым-қатынасын қалыптандыруға көндірді. Содан кейін Израиль Африкаға ықпал етуге жол ашылды деп ойлап, түрлі тəсілдерді пайдаланып, Африка одағына бақылаушы мүше болып алды. Алайда ол Алжир бастаған африкалық елдердің ауқымды қарсылығына ұшырады. Олар бұл режимнің ең ірі африкалық құрылымы Африка одағынан шығуын талап етіп, ақырында сионистік режимнің осы одаққа мүшелігін тоқтатты.