Сирияда әскерилер мінген минибус жарылып кетті
(last modified Tue, 15 Feb 2022 14:32:31 GMT )
Ақп 15, 2022 20:32 Asia/Almaty
  • Сирияда әскерилер мінген минибус жарылып кетті

Сирияның ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дамаскта бомба қойылған минисбустың жарылуы салдарынан 12 әскери қызметкер қаза тауып, бірқатар адам жараланды.

Сирияның SANA ақпарат агенттігінің сейсенбі күні хабарлауынша, елдің ресми ақпарат көздері жарылысты лаңкестік әрекет деп атап, бірнеше ай бұрын астанада осыған ұқсас жарылыс болғанын айтты.  

Бұдан бұрын Дамаскта әскерилер мінген минибустың жарылуы салдарынан 14 адам қаза тауып, бірқатар адам жараланған болатын.

"Сарая Касиун" лаңкестік тобы бұрынырақ мәлімдеме жасап, Дамаскта болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алған болатын.

Тегтер