Ақп 19, 2022 21:09 Asia/Almaty

БАҚ көздері Израиль жойғыш ұшақтарының Ливан астанасы Бейрут үстінде төмен биіктікте ұшқанын хабарлады.

Al-Mayadin кеше, жұма күні кешке  Израиль қырғи ұшақтарының Бейрут үстінен ұшқанын хабарлай отырып: «Бұл шабуылдан кейін Ливан астанасында қатты дыбыс естілді»,- деп жариялады.  

Ливандағы Хизболла кеше кешке мәлімдемесінде: «Исламдық қарсыласу «Хасан» ұшқышсыз ұшағын басып алған Палестина аумағына жіберді. Дрон ақпарат жинау үшін мақсатты аймақты 40 минут бойы патрульдеді. Жаудың оны бірнеше рет құлатуға тырысқанына қарамастан, «Хасан» ұшқышсыз ұшағы басып алынған жерлерден аман-есен оралды»,- деді.

 

Тегтер