Герцогтың Түркияға сапарының өлшемдері мен салдары
(last modified Fri, 11 Mar 2022 15:35:16 GMT )
Нау 11, 2022 21:35 Asia/Almaty
  • Герцогтың Түркияға сапарының өлшемдері мен салдары

Израиль президенті Ицхак Герцог Түркияға сапармен барып, бұл елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

 

Бұл сапар Түркия-Израиль қарым-қатынастарының бірнеше жылдан кейін қайта жанданғанын білдіреді. Ең бастысы, Түркия соңғы жылдары Палестинаны қорғау үшін сионистік режиммен байланысын үзген, ал енді бұл режим палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықты күшейткен жағдайда онымен қарым-қатынасын жандандырды. Осыған сәйкес Герцогтың Түркияға сапары палестиналық топтардың ашуын тудырды. Ердоғанның Герцогты Анкараға шақыруы – Түркия президентінің Израиль жеріндегі ойыны.

Израиль режимі 2020 жылдың қыркүйегінен бастап араб елдерімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіру жолында. БАӘ, Бахрейн, Судан және Марокко Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан төрт ел. Ердоған да қазір сол жолға түсті. Түрік шенеуніктері бұл сапардың экономикалық мақсатта болғанын мәлімдегенімен, сапардың саяси мақсаттары экономикалық мақсаттардан маңыздырақ болып көрінеді. Түркияда туындаған экономикалық мәселелер, әсіресе ұлттық валютаның күрт құнсыздануы салдарынан Режеп Тайып Ердоған ең қатты қысымға ұшырады. Герцогты шақыруы Ердоғанға саяси қысымды жеңілдетуге бағытталған, бірақ Герцогтың Түркияға сапарына түрік халқы қарсылық білдірді. Түркиялық наразылық білдірушілер Анкара әуежайының жолындағы Израиль туын жұлып алып, оны өртеп, орнына Палестина туын орнатты. Түрік халқының бұл реакциясы Израиль режимімен қарым-қатынасты қалпына келтіру сияқты шаралардың іс жүзінде Ердоғанның Түркиядағы рейтингінің артуына әкелмейтінін көрсетеді. Тағы бір мәселе, Герцогтың Түркияға сапары Израиль режимі үшін өте маңызды. Бір жағынан режим қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруді кеңейтіп, тіпті Түркия сияқты маңызды ислам елдіне де жеткізгені туралы уәжденеді. Сондықтан ол қалыпқа келтіру сәтсіз болды деген түсінікті жоққа шығаруға тырысады. Қорыта атйқанда, Израильдің төрт араб мемлекетімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруі палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтың артуына себеп болды. Түркиямен қарым-қатынасты қалпына келтіру енді зорлық-зомбылықтың одан әрі өршуіне жол ашуы мүмкін.