Ливанда ИСИМ-ге арналған химиялық заттар тиелген жүк көлігі ұсталды
Ливанның бір қауіпсіздік көзі осы ел қарулы күштерінің Ливанның солтүстік-шығысында ИСИМ лаңкестік тобына арналған контрабандалық химиялық заттар тиелген бір жүк көлігін тоқтатқанын мәлімдеді.
Ливанның осы қауіпсіздік көзі сәрсенбі күнгі бір мәлімдемеде: "Қарулы күштер бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде шекаралық Арсаль қаласы тұрғындарының бірін құрықтады. Оның жүк көлігінде ИСИМ лаңкестік тобына арналған контрабандалық химиялық заттар табылды" деді. Осы мәлімдемеде жүк көлігіне тастардың тиелгені және олардың арасына химиялық заттардың жасырылғаны туралы айтылған.
Ливанның қауіпсіздік көздерінің мәлімдемесіне сәйкес, осы ливандық азамат елдің солтүстік-шығысындағы Арсаль қаласында ИСИМ лаңкестік тобының мүшелері үшін химиялық заттар жөнелтуге жауапты болғанын мойындады.
Ливан қарулы күштері Сириямен шекарадағы Арсаль қаласының маңында орналасқан бақылау-өткізу бекеттерінде осы аймақта орналасқан лаңкестерге көмек жеткізілудің алдын алу үшін қауіпсіздікті нығайту шараларын жалғастырып жатыр.