Сирияда «Ахрар аш-Шам» лаңкестерінің негізгі қолбасшысының көзі жойылды
(last modified Sun, 24 Apr 2016 08:35:03 GMT )
Сәу 24, 2016 14:35 Asia/Almaty
  • Сирияда «Ахрар аш-Шам» лаңкестерінің негізгі қолбасшысының көзі жойылды

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысында «Ахрар аш-Шам» лаңкестік тобының негізгі қолбасшысы осы топтың тағы үш мүшесімен бірге өлтірілді.

IRNA ақпарат агенттігінің Мысырдың al youm al Sabe ақпарат сайтына сілтеме жасап сенбі күнгі хабарлауы бойынша, «Ахрар аш-Шам» лаңкестік тобының қолбасшысы Маджед Хосейн әс-Садеқ осы топтың тағы үш мүшесімен бірге Идлиб облысындағы Банч қаласында осы топ орналасқан жерге жасалған шабуылда өлтірілді.

Сирияның Адам құқығын бақылау ұйымы: «Мотоциклге мінген бір белгісіз адам сенбі күні түстен кейін «Ахрар аш-Шам» лаңкестік тобының орналасқан жеріне барып, осы топтың содырларының арасына еніп, содан өзінің бомба тағылған белдігін жарып жіберді. Соның салдарынан «Ахрар аш-Шам» лаңкестік тобының қолбасшысы мен басқа үш мүшесі өлтірілді»,-деп хабарлады.

Осындай жағдайда Сирияның ішіндегі наразылар тобының басшысы Алиан Масад сенбі күні: «Сирияда Башар Асад биліктен кетірілетін болса, жағдай ушығып, қарсылас топтар арасында билікке жету үшін ауыр қақтығыстар басталады. Бұл іс елдің бөлінуіне соқтырады»,-деп ескертті.