Сирияға құрлық күштерін жөнелту - Сауд әулеті режимі басшыларының соқыр тәуекелшілдігі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i604-Сирияға_құрлық_күштерін_жөнелту_Сауд_әулеті_режимі_басшыларының_соқыр_тәуекелшілдігі
Сирияның Ақпарат министрі Арабстанның құрлық күштерін осы елге жіберуді Сауд әулеті режимі басшыларының соқыр тәуекелшілдігі деп сипаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 11, 2016 22:57 Asia/Almaty
  • Сирияға құрлық күштерін жөнелту - Сауд әулеті режимі басшыларының соқыр тәуекелшілдігі

Сирияның Ақпарат министрі Арабстанның құрлық күштерін осы елге жіберуді Сауд әулеті режимі басшыларының соқыр тәуекелшілдігі деп сипаттады.

Сирияның Ақпарат министрі Омран әз-Зоуби: "Арабстанның Сирияға әскери күш жіберу шешімі бұл елдің осы әрекеттің салдарларын ойламағанын көрсетеді. Олар авантюристік әрекет жасап, өздеріне орны толтырылмас шығын келтіреді.

Сирияда ИСИМ-мен күресуге бағытталған кез келген халықаралық талпыныс Дамасктің рұқсатымен жасалуы керек.

Лаңкестік топтарды жан-жақты қолдайтын Арабстан Сирияда қалайша лаңкестікпен күреспек?" деді.

Сириядағы текетірес пен бейберекеттіктің себепшілерінің бірі саналатын Сауд әулеті режимі биылғы жылдың ақпан айының бас кезінде лаңкестікпен күресу үшін Сирияға құрлық күштерін жіберуге әзірлігін мәлімдеген болатын.