Палестинаның Интефазасын қолдау Халықаралық конференцияның кеңсесі Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне қатысуға шақырды
(last modified Tue, 26 Apr 2022 13:06:54 GMT )
Сәу 26, 2022 19:06 Asia/Almaty
  • Палестинаның Интефазасын қолдау Халықаралық конференцияның кеңсесі  Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне қатысуға шақырды

Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында Палестинаның Интефазасын қолдау Халықаралық конференцияның тұрақты кеңсесі Иран халқының барлық топтарынан, әлемдегі парламент өкілдері, бүкіл әлемдегі азаттық талап етушілер мен халық ұйымдарын шеруге қатысуға шақырды.

 

Биыл Құдс күні хиджри-қамари күнтізбесінің 1443 жылының 27 рамазаны, 2022 жылдың 29 сәуіріне сәйкес келеді.

IRNA мәліметтері бойынша, Ислам Кеңесі мәжілісінің Палестинаның Интефазасын қолдау Халықаралық конференцияның тұрақты кеңсесі өз мәлімдемесінде: «Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында палестиналық жастар кейбір араб билеушілерінің сатқындығына қарамастан, Палестинаның тірі екенін дәлелдеді»,- деп айтылды. Палестинаның Интефазасын қолдау Халықаралық конференцияның тұрақты кеңсесі мұсылман ұлттарының бірлігін  қолдауымен исламдық және исламдық емес елдер парламенттері мен   үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардан   Құдсты басып алушы режимнің қылмыстары мен шабуылдарын айыптап, халықаралық аренада Палестина халқының заңды құқықтарын қорғауға жол бермеуге шақырды.