Фуад Хұсейннің достыққа жатпайтын сөздері
(last modified Tue, 14 Jun 2022 13:30:27 GMT )
Маусым 14, 2022 19:30 Asia/Almaty
  • Фуад Хұсейннің достыққа жатпайтын сөздері

Ирак Сыртқы істер министрі қайталану болмаған сөзінде ИИР Ирактың ішкі істеріне араласты деп айыптап, Иран-Ирак қарым-қатынасының үнсіз күйден ашық күйге өткенін алға тартты.

 

 

Фуад Хұсейннің Иранның Ирактың ішкі істеріне араласуы туралы сөздері елдегі өткен қазан айынан бері орын алған саяси тығырықтан туындаған сияқты. ИИР Ирактағы қазіргі саяси тығырыққа қатысты екі позицияны қайталады. Біріншіден, Иран Иракта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалайды, екіншіден, Иран саяси тығырықтан шығу үшін Ирактың саяси ағымдары арасындағы диалогтың қажеттігін үнемі қуаттап келеді. Иранның бұл саяси тығырыққа араласуы  сионистік режим мен аймақтық ымыраға келу осінің уәжі болып табылады.

Фуад Хұсейннің Иранға қарсы сөздері бірнеше факторларға байланысты. Біріншіден, Ирак Сыртқы істер министрі араб ортасында болған сайын саяси және арабистік қимылдар жасап, кейбір араб елдерінің ИИР-на қарсы саясатына сай әрекет етті. Иранға қарсы жаңа мәлімдемелер Мысырдың «Әл-Ғад» желісіне берген сұхбатында да жасалды. Екіншіден, Фуад Хұсейн - Күрд аймағының Ирактан тәуелсіздігін қуаттайтын және ИИР күрдтердің тәуелсіздігіне шынайы қарсылас деп санайтын Ирак Күрдістан Демократиялық партиясының мүшесі. Ол 2017 жылдың қыркүйек айындағы референдумның сәтсіз аяқталуының басты себептерінің бірін Иранның Ирактың аумақтық тұтастығын сақтауды қолдауы деп атады. Үшіншіден, Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейннің бұл сөздері оның жеке ұстанымдарына байланысты. Саяси қозғалыс пен аймақтағы қарсыласуға қарсы ақпарат құралдарының қатарындағы кейбір Ирак басшылары да АҚШ-тың Ирактағы болуын қолдайды. Осы себепті Иранға қарсы позициялар мен мәлімдемелер оқтын-оқтын қайталанып отырады. Тағы бір мәселе, Фуад Хұсейн Иранның Ирактың ішкі істеріне араласуы туралы уәждерін АҚШ-қа керісінше Иракта Иранның әскери базасы жоқ жағдайда айтты. Басқа жақтан, ИИР әрқашан Ирактың қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі деп санап, ДАИШ Иракқа басып кіру кезінде бұл елді лаңкестікпен күресуде қолдады. Ирактың қазіргі үкімет қайраткерлері, соның ішінде Фуад Хұсейн де мұны сан рет мойындады.

Ирактың Мәдениет және туризм министрі Хасан Назем өткен жұмадан бері үш күн бойы Иранда болып, ИИР-ның ресми тұлғаларымен кездесіп, Теһран мен Бағдадтың екіжақты қарым-қатынастарын кеңейту қажеттігін қуаттады.  Бұл Иран-Ирак қарым-қатынасының шындығы және бұл қарым-қатынастардың жалпы барысы. Сондықтан Фуад Хұсейннің достыққа жатпайтын сөздері Бағдадтың Теһранға деген көзқарасын көрсетпейді. Иран-Ирак қарым-қатынасының шындығы және осы қарым-қатынастардың жалпы бағыты және Фуад Хұсейннің достыққа қарсы сөздері Бағдадтың Теһранға көзқарасын білдірмейді, көбінесе оның жеке және белгілі бір дәрежеде партиялық көзқарастарымен байланысты.  

 

Тегтер