Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік әскерилер палестиналықтардан қорқып қашты
(last modified Thu, 23 Jun 2022 12:06:43 GMT )
Маусым 23, 2022 18:06 Asia/Almaty

Иордан өзенінің батыс жағалауында қарсыласу қозғалысының жауынгерлерінің оқ атуынан кейін сионистік әскерилер қашты.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иордан өзенінің батыс жағалауында Тубас облысының оңтүстігіндегі әл-Фараа лагеріне шабуыл жасаған сионистік әскерилер қарсыласу қозғалысының жауынгерлерінің оқ атуынан кейін қашты.

Палестинаның Исламдық Қарсыласу Қозғалысы (ХАМАС) мен Исламдық жиһадтың және басқа палестиналық қарулы топтарының  бұл лагерде көптеген жақтастары мен жас мүшелері бар. Жақында олар «Дженин батальоны» деп аталатын жаңа қарулы топ құрып, Тель-Авивті кек алу шабуылдарымен қорқытты.