Джебели: Иран-Сирия қарым-қатынасының деңгейін кеңейту үшін БАҚ байланыстарын жақсарту қажет
https://itolqyn.com/news/west_asia-i62084
Иран Телерадио бірлестігі басшысы Джебели Теһран-Дамаск қарым-қатынасының деңгейін кеңейту үшін БАҚ байланыстарын тереңдету қажеттілігін баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 27, 2022 15:15 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігі басшысы Джебели Теһран-Дамаск қарым-қатынасының деңгейін кеңейту үшін БАҚ байланыстарын тереңдету қажеттілігін баса айтты.

Сирияға келген Пейман Джебели жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында ИИР-ның Сириямен ақпарат саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге табанды екенін қуаттады.Джебели: «ИИР мен Сирия басшыларының өзара кездесулері, әсіресе Сирия президенті Башар Асадтың Теһранға жуырдағы тарихи сапары екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты және екі елдің үкіметтері арасындағы қарым-қатынасты барынша жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік берді»,- деді.