Ирак азаматтары Түркияның шабуылына ашу-ыза білдірді
Шіл 22, 2022 14:06 Asia/Almaty
Ирактықтар өз жеріне Түркияның жойқын шабуыл жасағанына реакция білдірді.
Ирактың Дияла облысының тұрғындары Багубада митингке шығып, Түркияның Заху қаласына жойқын шабуыл жасағанына наразылық білдіріп, Ханакинде Түркияның туын өртеді. Зикар мен Басра облыстарының жүздеген тұрғыны митинг өткізіп, Ирак үкіметінен осы қанды шабуылды айыптап, іс жүзінде қадамдар жасауды талап етті.
Наджаф пен Эрбильде шерушілер осы екі облыстағы Түркияның консулдық ғимараттарының үстіне ілінген туларды жерге түсірді.
Түркия жуырда Иракқа шабуыл жасады. Бұл шабуылда Ирактың бірқатар азаматтары, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты.
Тегтер