«Сорайя Абабиль» Ирактағы Түркияның базасына шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды
(last modified Wed, 27 Jul 2022 12:54:06 GMT )
Шіл 27, 2022 18:54 Asia/Almaty

«Сорайя Абабиль» қарсыласу тобы Ирактың солтүстігіндегі Түркияның базасына шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, «Сорайя Абабиль» қарсыласу тобы мәлімдеме жасап: «Бүгін таңертең Ирактың солтүстігіндегі Дахук облысының Сири базасы мен Барухи лагеріндегі Түркия күштерін «Мұрад-6» ұшқышсыз ұшағымен нысанаға алды»,-деп мәлімдеді.

«Сорайя Абабиль»: «Бұл шабуыл Түркия күштерінің Дахуктағы туристік аймаққа шабуыл жасап, бірнеше адамды өлтіріп, жаралағанына жауап ретінде жасалды»,-деп мәлімдеді.