Ирак үкіметі бүгін демалыс жариялады
(last modified Sun, 31 Jul 2022 12:57:50 GMT )
Шіл 31, 2022 18:57 Asia/Almaty

Ирак үкіметі бүгін, жексенбі елдің барлық ресми органдары мен мекемелеріне демалыс жариялады.

Al-Sumaria News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирак Премьер-министрінің кеңсесі: "Бүгін, жексенбі елдің қауіпсіздік күштерінен басқа барлық ресми органдары мен мекемелеріне демалыс жарияланды",-деп мәлімдеді.  

Ирак Премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесінде: "Жексенбі күні қызмет көрсету орталықтары мен медициналық мекемелердің 50 пайызы жабық болады",-делінген.

Мәлімдемеде Ирактың ресми органдарына демалыс жариялануының себебі айтылмаған. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, Ирак үкіметі бұл шараны сенбі күні Бағдаттың жасыл аймағында болған оқиғаларға орай қолға алды. Кеше Иракта Садр қозғалысын жақтаушылар Парламентке басып кірді.   

 

Тегтер