Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 05 Aug 2022 11:47:31 GMT )
Там 05, 2022 17:47 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейн телефон арқылы сұхбатта екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Амир Абдуллахиан Ирак Сыртқы істер министріне ирандық зияратшыларға ұмра қажылығын өтеуге көмектескені үшін алғыс айтты.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ осы сұхбат барысында Сауд Арабиясында қажылық кезінде қамауға алынған ирандықтың тағдырын талқылап, оны босату үшін хат жолдауды сұрады.

Амир Абдуллахиан аптап ыстық пен аймақтағы құрғақшылық себебінен Ирактың оңтүстігіндегі қамысты аудандарда болып жатқан өртке тоқталып: "Өкінішке қарай, Ирактың қамысты аудандарында болып жатқан өрттің түтіні Хузистан облысындағы Дәшт-е Азадеган тұрғын ауданына әсер етіп жатыр",-деді.

Амир Абдуллахиан: "ИИР осы өртті ауыздықтауға көмектесуге дайын",-деді.

Тегтер