Амир Абдуллахиан Исмаил Ханиямен телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы сұхбаттасып, Қарсыласу өзегінің жеңістерімен құттықтады.
Газа секторының түрлі аудандары жұма күннен жексенбінің кешіне дейін сионистік режим шабуылдарының жаңа толқынына ұшырады. Сионистердің осы қылмыстарынан кейін Палестина исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы Құдс батальондары сионистердің шабуылдарына жүздеген дамыған зымыранмен жауап берді.
Соның нәтижесінде сионистік режимнің Министрлер кабинеті жексенбі күні кешке Газа секторындағы қарсыласу топтарының зымырандық шабуылдарын тоқтатуға қауқарсыз болғаннан кейін атысты тоқтату бітіміне келісті.
Амир Абдуллахиан осы сұхбатта Қарсыласу өзегін сионист дұшпанға қарсы күрестегі жеңістерімен құттықтап, қарсыласу қозғалысының шәһидтерін еске алып, сионистердің палестиналық әйелдер мен балаларды өлтіруін осы режимнің әлсіздігінің белгісі деп атады.