Сирияның Алеппо қаласында орын алған лаңкестік шабуылда 19 адам қаза тапты
(last modified Tue, 26 Apr 2016 09:52:29 GMT )
Сәу 26, 2016 15:52 Asia/Almaty
  • Сирияның Алеппо қаласында орын алған лаңкестік шабуылда  19 адам қаза тапты

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысының әз-Захра қаласында орын алған лаңкестік шабуылда 19 адам қаза тауып, 120 адам жараланды.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Сирияның адам құқығын бақылау тобының басшысы Рами Абдуррахман: «Дүйсенбі күні әз-Захра қаласына жасалған минометтік шабуылда 19 қарапайым азамат, соның ішінде 3 бала қаза тапты»,-деп мәлімдеді.

Мәліметтер бойынша, осы қанды шабуылды әл-Каиданың Сириядағы тармағы болып саналатын «Ән-Носрат майданы» лаңкестік тобы жасаған.

Осындай жағдайда Сирияның «Сана» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Ән-Носрат майданы» лаңкестік тобы мен оның одақтастарының Алеппо облысының 5 тұрғын ауданына жасаған шабуылында жұма күннен бүгінге дейін кемінде 86 қарапайым азамат қаза тапқан. Бұл лаңкестік шабуыл дүйсенбі күні таңертең Дамасктың оңтүстік жағында орналасқан хазірет Зейнеп (ғ.) кесенесіне жақын жердегі тұрғыны көп Зейнабие елді мекенінде бомба қойылған көлік жарылысы салдарынан кемінде 15 адам қаза болып, ондаған адам жараланған жағдайда орын алды.

ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобы бір мәлімдемеде Дамасктың Зейнабие елді мекеніндегі жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.