Түркияның әскери құрал-жабдықтары Сирияның солтүстігіне тасымалданды
(last modified Wed, 17 Aug 2022 11:59:18 GMT )
Там 17, 2022 17:59 Asia/Almaty
  • Түркияның әскери құрал-жабдықтары Сирияның солтүстігіне тасымалданды

Түркия армиясының әскери құрал-жабдықтар тиеген жаңа керуені Сирияның солтүстігіне кіргеннен кейін Анкараның Сирия жерінде жаңа әскери амалдар бастағаны туралы қауесет тарады.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Түркия армиясының артиллериясы түнде Алеппоның солтүстігіндегі Тель-Рафат қаласына жақын маңда "Сирия демократиялық күштерінің" кейбір әскери базаларын нысанаға алды. Мұнымен бір мезгілде Түркияның екі тыңшы ұшағы осы аймақтың әуе кеңістігінде ұшқан. Мұнымен қоса, Түркияның бір қырғи ұшағы Сирияның шекарасына жақын жерде байқалған.    

Бүгін таңертең Сирияның ресми ақпарат агенттігінің жазуынша, Түркия армиясы Алеппо облысындағы Джараблус қаласының атырабындағы шекаралық қалалардың мешіттеріндегі рупорлар арқылы өз азаматтарына ескерту жасап, Түркия Сирия жеріне шабуылды бастауға дайындалып жатқандықтан олардан үйлерінен шықпай отыру сұралды.   

Түркия армиясы соңғы күндері Сирияның шекаралық қалаларына шабуылдарын жиілетті. Кеше Сирияның әскери-ақпараттық көздері Түркия қырғи ұшақтарының Алеппо облысының солтүстігіне шабуыл жасағанын хабарлап, бұл шабуылдарда 3 сириялық сарбаз қаза тауып, 6 адам жараланғанын айтты.  

Тегтер