Иранның Ішкі істер министрі Бағдадқа барды
(last modified Thu, 08 Sep 2022 09:49:20 GMT )
Қыр 08, 2022 15:49 Asia/Almaty
  • Иранның Ішкі істер министрі Бағдадқа барды

Иранның Ішкі істер министрі Арбағин зияратшыларының жағдайын тексеріп, Ирак басшыларымен кеңесу үшін Бағдадқа барды.

Соңғы бірнеше күнде Арбағин зияратшыларының Кербалаға сапары басталды. Арбағинге бірнеше күн қалғанда зияратшылар сапары өзінің шарықтау шегіне жетеді.

Иранның Ішкі істер министрі Ахмади Вахиди бейсенбі күні Арбағин зияратшыларының жағдайын тексеріп, Ирак басшыларымен осы салада үйлестіру жұмыстарын жасап, өзінің ирактық әріптесімен кездесу үшін Бағдадқа барды.

Өткен жылдарда мұсылмандар мен басқа илаһи діндерді ұстанушылар имам Хұсейннің (ғ.) қырқына (Арбағин) бірнеше күн қалғанда Ирактың Наджаф қаласы және басқа да қалалардан Кербаладағы имам Хұсейннің (ғ.) кесенесіне жаяу барған болатын.  

Тегтер