Иранның Шәһидтер ісі жөніндегі ұйымының басшысы Сейед Хасан Насролламен кездесті
Иран Президентінің орынбасары және ИИР-ның Шәһидтер ісі жөніндегі ұйымының басшысы Мұхаммад Әли Шаһиди Ливанға сапарында Хизболланың Бас хатшысы Сейед Хасан Насролламен кездесті.
«Меһр» ақпарат агенттігінің «Әл-Минарға» сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Президентінің орынбасары және ИИР-ның шәһидтер ісі жөніндегі ұйымының басшысы Ливанға сапарында Хизболланың Бас хатшысы Сейед Хасан Насролламен кездесуінде: «Ливанның исламдық қарсыласуының жолы – жеңіске жеткізетін жалғыз жол. ИИР-ның саясаты бұл қасиетті жолды қолдайды.
Ливан Хизболласының Бас хатшысы бұл кездесуде ИИР-на қарсыласу қозғалысына қолдау көрсетуіне қатысты алғыс айтып: «Сионистік режим – ислам әлемінің үлкен дұшпаны. Сондықтан ислам әлемінің дұшпанмен күресетін жалғыз жолы қарсыласу жолын жалғастыру болып табылады. Такфіршіл топтардың пайда болуы Исламды қатерге тіреді. Өйткені аталмыш топтар ислам дүниесін әлсірету мен жіктеу үшін құрылған. Бірақ бұл бақытсыздық оның жақтастары мен осындай топтарды ұйымдастырғылары келетіндердің өздерін жағадан алды» деді.