Израильде Нетаньяхудың билікке қайтып оралуына қарсы шеру өтті
Беньямин Нетаньяхудың билікке қайтып оралатынының белгілері байқалғандықтан басып алынған жерлерде осы мəселе қарсы ауқымды шеру өтті.
Сионистік режим тағы да мерзімінен бұрын сайлау өткізбекші. Нафтали Беннет пен Яир Лапидтің коалициялық кабинеті бір жылдан кейін ыдырап кетті. Беннет премьер-министрліктен бас тартты. Лапид уақытша билікке келді. Басып алынған жерлерде қараша айында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді деп жоспарлануда. Бұл - өткен 4 жылдағы сионистік режимнің бесінші парламенттік сайлауы.Өткен жылғы төртінші сайлауда Нетаньяху бастаған Ликуд партиясы жеңіске жетті. Бірақ Нетаньяху жаңа кабинет құруда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін оңшылдар, солшылдар, секулярлар мен арабтардан тұратын оның бəсекелестері жаңа кабинет құрып, 12 жылдан кейін Нетаньяхуды биліктен кетірді.Нетаньяху өткен бір жылда бос отырған жоқ, коалициялық кабинетті сәтсіздікке ұшырату үшін жан-жақты талпыныс жасады. Тіпті коалициялық кабинетке қарсы наразылықтарды бастады. Кабинет құлағаннан кейін енді тағы да Нетаньяхудың билікке оралу мəселесі қайта көтерілді.
Басып алынған жерлерден келген соңғы мəліметтер бойынша, қараша айында өтетін парламенттік сайлауда бəсеке сионистік режимнің уақытша Премьер-министрі Яир Лапид бастаған солшылдар коалициясы мен оңшылдар қозғалысының басшысы Нетаньяхудың арасында болады. Сондай-ақ сайлауда жеңіс Нетаньяху бастаған оңшылдар тарапында болады деп болжануда.
Сол себепті басып алынған жерлерде Нетаньяхуға қарсы шерулердің жаңа кезеңі басталды. "Иерусалим пост" газетінің хабарлауынша, кеше басып алынған жерлердің кемінде 100 елдімекенінде Нетаньяхуға қарсы шерулер өтті. Шерушілер Нетаньяхуды билікке келтірмеу үшін наразылықты жалғастыра беру керегін айтты.Нетаньяхудың жақтастары шерушілерге шабуыл жасап, бірқатар наразыны жаралады.
Басып алынған жерлерде тұратындардың бір бөлігінің Нетаньяхудың билікке қайтып келгеніне қарсылық білдіруінің негізгі себебі - оның жемқорлық істері. Шын мәнінде Нетаньяху сайлауда жеңіске жете алады деп болжап отырған қарсыластар тағы да оның жемқорлық істерін көтерді. Нетаньяхуға қарсылардың ықтиярында бар құралдардың ішінде оның жемқорлық істері ең маңызды құрал саналады.Сионистік режимнің сот жүйесінде Нетаньяхудың жемқорлығына қатысты 4 іс қозғалған. Олар "1000-нан 4000-ға дейінгі істер" деген атпен танымал.