Сақшылар корпусы Кумле лаңкестік тобына тағы да шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i64286-Сақшылар_корпусы_Кумле_лаңкестік_тобына_тағы_да_шабуыл_жасады
Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері Ирактың Күрдістан аймағында лаңкестік топтардың позицияларына қарсы іс-қимылдардың жаңа кезеңін бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 26, 2022 15:20 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы Кумле лаңкестік тобына тағы да шабуыл жасады

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері Ирактың Күрдістан аймағында лаңкестік топтардың позицияларына қарсы іс-қимылдардың жаңа кезеңін бастады.

Сақшылар корпусы құрлық күштерінің бөлімшелері бүгін, дүйсенбі Ирактың Күрдістан аймағында лаңкестік топтардың позицияларына артиллерия жəне ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасай бастады.

Лаңкестік топтардың оқу-жаттығу орталықтарын жою үшін нысанаға дөп тиетін жəне қашықтан басқарылатын қару-жарақтар қолданылды.

Кеше Сақшылар корпусының құрлық күштері Ирактың солтүстігінде орналасқан лаңкестік топтардың Иранға қарсы əрекеттеріне жауап ретінде олардың позицияларына шабуыл жасады.