Қыр 30, 2022 01:52 Asia/Almaty
  • Бағдаттағы қақтығыстарда 133 адам жараланды 

Ирактың ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сəрсенбі күні Бағдатта  шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыста 133 адам жараланды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жараланғандардың арасында Ирактың 4 офицері, 118 сарбазы жəне 11 бейбіт тұрғыны бар. Сейсенбі күні өздерін біртіндеп жасыл аймаққа жеткізген Садр қозғалысын қолдаушылар сəрсенбі күні кешке қауіпсіздік күштеріне шабуылдарын үдетіп, тағы да осы аймаққа кіруге талпынды.

Осындай жағдайда Моктада Садр бірнеше сағат бұрын мəлімдеме жасап, Парламентте жиналыс басталғанын айтып, басқа саяси топтар мен партияларға қарсы өткір ұстаным білдіріп: "Олар саяси үдеріске де, келіссөздерге де қатыспайды",-деді.

Тегтер