Иран президентінің бірінші орынбасарының кеңесшісі сейіт Хасан Насролламен кездесті
ИИР президентінің бірінші орынбасарының кеңесшісі мен Ливан Хезболласының бас хатшысы аймақтағы соңғы саяси өзгерістер мен Ливан жағдайы туралы кеңесті.
Иран президентінің бірінші орынбасарының кеңесшісі Садық Харази Бейрутте Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролламен кездесуде: "Аймақ пен әлемде тәкфирлік лаңкестіктің өрістеуі халықаралық қауіпсіздікті ауыр салдарлармен бетпе-бет келтіреді" деді.
Харази кейбір елдердің тәкфирлік топтарды қолдауын жалғастыруын сынап, тәкфирлік лаңкестікпен шынайы түрдегі әлемдік күресті қажеттілік деп атады.
ИИР президентінің бірінші орынбасарының кеңесшісі сондай- ақ Иран ислам республикасының сыртқы саясатында ислам әлемінің бірінші мәселесі ретінде Палестина тақырыбының өзектілігін қуаттап: "Иранның Құдс Шәріп пен жаулап алынған жерлерді азат етуді қолдау стратегиясы жалғасуда" деді.