Насролла Шираздағы лаңкестік оқиғадан кейін Иран діни жетекшісі мен халқына көңіл айтты
(last modified Fri, 28 Oct 2022 09:04:10 GMT )
Қаз 28, 2022 15:04 Asia/Almaty
  • Насролла Шираздағы лаңкестік оқиғадан кейін Иран діни жетекшісі мен халқына көңіл айтты

Ливан Хизболла қозғалысының Бас хатшысы Ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқына хазірет Ахмед бен Мұсаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіндегі қылмысқа байланысты көңіл айтты.

Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының орталығы Шираз қаласындағы Хазірет Ахмад бен Мұсаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі Шаһшырақ жасалған қарулы шабуылда 15 адам, оның ішінде 2 бала шәһид болып, 30 зияратшы жараланды. ДАИШ жауапкершілікті мойнына алған бұл лаңкестік әрекетті БҰҰ мен әлемнің түрлі елдері айыптады.

Сейед Хасан Насролла Иран халқына: «Ирандағы тәртіпсіздіктерге жетекшілік ететіндер - адам өлтірушілерді Ширазға жібергендер    және АҚШ басқаратын жалғыз қара бөлме бар екеніне сенімді болыңдар»,- деді.