Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың Сирияға әскери араласуына реакция білдірді
ИИР-ның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі АҚШ әскери күштерінің Сирия жерінде орналасуын халықаралық заңдарды әшкере бұзушылық деп атады.
Al- Аlam телеарнасының хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс министрі cардар Хосейн Деһқан телеарнаға берген сұхбатында АҚШ-тың Сирия аумағына 250 әскери күшін жөнелтуіне қатысты айтқан сөзінде: "Бұл әрекет Сирияның ішкі істеріне ашық түрде араласушылық және сол елдің аумағына жасалған шапқыншылық болып табылады. Бұл халықаралық заңдарға қайшы әрекет",-деп баса айтты.
Иранның Қорғаныс министрі АҚШ, Сауд Арабиясы, Катар және аймақтық басқа елдерді лаңкестік топтарға аймақ қауіпсіздігін бұзуға қолдау жасайтыны үшін сынға алып: "Сауд Арабиясы, Израиль және АҚШ елдері астыртын әрекеттерін іске асыруда, себебі америкалық әскери күштердің Сирия жерінде орналасуы үшін ешқандай себеп жоқ", деді.