Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың Сирияға әскери араласуына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i6535-Иранның_Қорғаныс_министрі_АҚШ_тың_Сирияға_әскери_араласуына_реакция_білдірді
ИИР-ның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі АҚШ әскери күштерінің Сирия жерінде орналасуын халықаралық заңдарды әшкере бұзушылық деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 30, 2016 15:35 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың Сирияға әскери араласуына реакция білдірді

ИИР-ның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі АҚШ әскери күштерінің Сирия жерінде орналасуын халықаралық заңдарды әшкере бұзушылық деп атады.

Al- Аlam телеарнасының хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс министрі cардар Хосейн Деһқан телеарнаға берген сұхбатында АҚШ-тың Сирия аумағына 250 әскери күшін жөнелтуіне қатысты айтқан сөзінде: "Бұл әрекет Сирияның ішкі істеріне ашық түрде араласушылық және сол елдің аумағына жасалған шапқыншылық болып табылады. Бұл халықаралық заңдарға қайшы әрекет",-деп баса айтты.

Иранның Қорғаныс министрі АҚШ, Сауд Арабиясы, Катар және аймақтық басқа елдерді лаңкестік топтарға аймақ қауіпсіздігін бұзуға қолдау жасайтыны үшін сынға алып: "Сауд Арабиясы, Израиль және АҚШ елдері астыртын әрекеттерін іске асыруда, себебі америкалық әскери күштердің Сирия жерінде орналасуы үшін ешқандай себеп жоқ", деді.