Түркия Сирия мен Ирактың солтүстігіне шабуылдардың жаңа кезеңін бастады
Қар 20, 2022 20:38 Asia/Almaty
Түркия армиясы Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі лаңкестік топтардың позицияларына шабуыл жасады.
Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, Түркия армиясының қырғи ұшақтары жексенбі күні таңертең Ирактың солтүстігіндегі Сулеймания және Эрбиль облыстарына шабуыл жасады.
Осы мәліметке сәйкес, Түркия армиясы Сирияның солтүстігіндегі Кубаниде орналасқан содырлардың позицияларына тағы шабуыл жасады.
Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акар осы шабуылдарда Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларын нысанаға алғанын айтып: "Түркияның қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген тарап сазайын тартады",-деді.
Тегтер