Әзірбайжанда Мұсылмандар одағы белсенділерінің ұрлануы айыпталды
Әзірбайжан республикасының "Мұсылмандар одағы" қозғалысы мәлімдеме жасап, осы ел үкіметін қозғалыс белсенділерін ұрлап, тұтқындады деп айыптады.
Әзірбайжан республикасының "Мұсылмандар одағы" қозғалысының басшысы қажы Тале Бағерзаде мен ондаған мүше кейінгі жылдарда осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталып, түрмеге қамалды.
Әзірбайжан республикасының "Оператив ТВ" арнасының жексенбі күні хабарлауынша, "Мұсылмандар одағы" қозғалысы өз мәлімдемесінде ел Президенті Ильхам Әлиевтің заңға және адамгершілікке қайшы әрекеттері туралы: "Бұл үкімет ешбір заңды ресми түрде танымайтынын тағы да айқын көрсетті. Ол елді өз мүддесіне сай басқарады",-деп мәлімдеді.
Мәлімдемеде: "Әзірбайжанда азаптаулар, жөнсіз айыптаулар мен қатыгездіктер күн сайын артып бара жатыр",-делінген.
Осы орайда қажы Тале Бағерзаденің адвокаты: "Бакудың №12 түрмесінде жатқан қажы Тале Бағерзаде физикалық және моральдық азаптаулардың күшейгеніне наразылық ретінде аштық акциясын жалғастырып жатыр",-деп мәлімдеді.
Әзірбайжан халқының бір бөлігі осы дінбасының түрмеде азапталып жатқанына наразылық білдірді.