Maм 01, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Бағдад Ирактың қауіпсіздік күштерінің бақылауында

Ирак Парламентінің жаңа кабинетті бекіте алмауына байланысты Бағдадта саяси дағдарыс пен текетірес күшейгеннен кейін Ирактың Премьер-министрі ел астанасы Бағдад қаласының Ирактың қауіпсіздік күштерінің бақылауында болатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади осы елдің қауіпсіздік күштерінің Бағдадтағы жағдайды бақылауда ұстау үшін жасап жатқан талпыныстарына тоқталып, наразыларды шеру өткізуге арналған жерлерге қайтып оралып, бейбіт наразылыққа берік болуға шақырды.

Осындай жағдайда Бағдадтың қауіпсіздік күштерінің ақпарат өкілі Саад Маан осы қаланың кіреберіс жолдардың барлығының уақытша жабылғандығын хабарлап: «Бұл шараның мақсаты – астанадағы зияратшылар, шерушілер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шерушілер уәде еткендей бейбіт түрде наразылықтарын жалғастыра береді, ал қауіпсіздік күштері оларды қорғауға міндетті»,-деді.

Тегтер