ДАИШ лаңкестік тобының Түркиямен мұнай саудасы туралы жаңа мәліметтер жарияланды
(last modified Sun, 01 May 2016 15:26:20 GMT )
Maм 01, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестік тобының Түркиямен мұнай саудасы туралы жаңа мәліметтер жарияланды

Ресейдің «Россия сегодня» телеарнасы ДАИШ- тің Түркия үкіметімен құпия мұнай саудасы туралы жаңа дерек жариялады.

«Globalresearch» ақпарат торабының мәлімдеуінше, «Пайда атымен» деп аталатын осы деректі фильм 2016 жылдың бас кезінде сириялық күрд күштері азат еткен Сирияның эль-Хасака облысына қарасты Эш-Шаддад қаласындағы өзгерістерді баяндайды.

Эш-Шаддад қаласы стратегиялық тұрғыдан Сирияның мұнайға бай аймағында орналасқан. Осы аймақ кезінде ДАИШ лаңкестік тобы мен соларға қарасты адамдардың қарамағында болған.

«Россия сегодня» телеарнасы аталмыш аймақта Түркия үкіметінің ДАИШ лаңкестері осы қаланы басып алған кезде байланыста болғанын аңғартатын құжаттарға қол жеткізген.

Осы мәлімет бойынша, Түркияның мөрі басылған бірнеше паспорт пен ДАИШ- тің бірнеше насихаттық құралы «Россия сегодня» соған сілтеме жасаған құжаттардың бір бөлігін құрайды.

Бұған қоса «Россия сегодня» тілшілері ДАИШ лаңкестері мұнай контрабандасынан түсетін күнделікті табысты есептеу үшін қолданған нақты шот-фактураларды тапқан.