Бен Салманның Ухуд тауындағы даулы жоспары саудиялықтардың ашуын келтірді
(last modified Mon, 26 Dec 2022 08:33:19 GMT )
Жел 26, 2022 14:33 Asia/Almaty
  • Бен Салманның Ухуд тауындағы даулы жоспары саудиялықтардың ашуын келтірді

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның Ухуд тауын өзгерту жоспары Сауд Арабиясы азаматтарының, соның ішінде киберкеңістік белсенділерінің ашуын тудырды.

ИРНА-ның дүйсенбі күнгі хабары бойынша, саудиялық БАҚ белсендісі Турки әл-Шахлуб өзінің Twitter парақшасында Бин Салманның тарихи Ухуд тауында медициналық орталық салу жоспары туралы хабарлап: «Уа, қасиетті жердің  халқы, уа мұсылмандар, бен Салманның Жәбәл тауына қол созғанына разы боласыңдар ма,  ол бұл тауды медициналық орталыққа айналдырғысы келеді. Егер бен Салман Қағба мен Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) қасиетті ғибадатханасын Сауд Арабиясынан көшіре алатын болса, ол мұны істейтін еді»,- деп жазды. Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің кейбір жақтастарының жауабын бөлісіп: «Біліңдер, бен Салман өзін және оның Исламға қарсы жобаларын қорғау үшін құлшыныссыз, азғын және әлсіз адамдардан тұратын армия құрды»,- деді.