Сауд Арабиясы басып-жаншу жүйесіне қайта оралды; Бен Салманның шынайы бет-бейнесі
(last modified Sat, 12 Nov 2022 13:04:09 GMT )
Қар 12, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы басып-жаншу жүйесіне қайта оралды; Бен Салманның шынайы бет-бейнесі

Соңғы айларда Сауд Арабиясы саяси, азаматтық және адам құқығын қорғаушыларға қарсы қатыгездіктің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сауд Арабиясы билігі оларға қарсы ауыр үкімдер шығарды немесе шығарылған үкімдерді күшейтті.

 

Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясы Корольдігінің тағына жету үшін елеулі бәсекелес көрмесе де,  ең кішкентай сынды да назардан тыс қалдырмайды және сыншыларды шыдамайды. Сауд Арабиясының саяси және азаматтық белсенділері әлеуметтік желілерде саудиялық басышлардың саясатын сынады, бірақ олар Сауд Арабиясының қауіпсіздік аппараты тарапынан тұтқындалып, ауыр жазалар кесілді.

Неліктен әл-Саудтың Сауд Арабиясының азаматтық белсенділеріне қарсы зорлық-зомбылығы тағы да айқын күшею үрдісін тапты?

Сауд Арабиясында азаматтық белсенділерге қарсы зорлық-зомбылықтың артуына бірінші себеп Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның мінезімен байланысты деп айтуға болады. Сауд әл-Сабаани, Мұхаммед бин Салман туралы «Рияд жаттықтырушы» кітабында: «Жасөспірім кезінен бастап агрессивтілік пен қызу мінез Мұхаммадтың жеке басының екі негізгі сипаты болды және бұл оның сенімділігіне күмән тудырды. Мұхаммадтың үстемдігі мен басқаруды жақсы көру мінезі оның  қатынасындағы түрлі қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың қалыптасуына себеп болды»,- деп жазды.

Дәл осы ерекшеліктер Мұхаммед бен Салманның Сауд Арабиясындағы ең жоғары билік орындарына жету жолын бастан өткерген соңғы 7 жылда кез келген қарсыластары мен сыншыларына ашық және жария түрде зорлық-зомбылық көрсетуіне себеп болды. Алайда соңғы 2 жылда бұл зорлық-зомбылық не азайған, не жасырын болған. Бұған себеп АҚШ президенті Джо Байденнің Мұхаммед бен Салманға деген саясаты мен көзқарасына байланысты болды. Байден Бен Салманды ашық сынады және адам құқықтарының өрескел және айқын бұзылуына байланысты Сауд Арабиясын жеккөрінішті елге айналдыратынын мәлімдеді. Осыны негізге ала отырып, Сауд Арабиясы Корольдігінің төріне жетуді армандаған Мұхаммад бен Салман баяу қозғалды. Өткен шілдеде Джо Байденнің Сауд Арабиясына сапары және оның Мұхаммад бен Салманмен кездесуі Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасына қысымның аяқталуын немесе АҚШ сынының тиімсіздігін білдірді. Осы сапар аяқталғаннан кейін бен Салман бұрынғы зорлық-зомбылық тәсілін қайта жалғастырып қана қоймай, әрі қарай да қадам басты. Ол түрмедегі адам құқығын қорғаған белсенді әйелдерге қатысты шығарылған үкімдерді күшейтті. Сондықтан соңғы айларда Сауд Арабиясында азаматтық белсенділерге қарсы зорлық-зомбылықтың артуының келесі себебі Вашингтонның көзқарасының өзгеруі болып отыр.