Сана Сауд коалициясына Йеменге экономикалық қоршауын күшейтуі туралы ескерту жасады
(last modified Tue, 27 Dec 2022 14:05:43 GMT )
Жел 27, 2022 20:05 Asia/Almaty
  • Сана Сауд коалициясына Йеменге экономикалық қоршауын күшейтуі туралы ескерту жасады

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының мүшесі Сауд Арабиясының басқыншы коалициясына осы елдің экономикалық қоршауын күшейтетін кез келген әрекетке қарсы ескерту жасады

 

.

Абдәлмәлек әл-Аджри: «Сауд Арабиясының шапқыншы коалициясының Йеменге экономикалық қоршауды күшейту үшін жасаған кез келген әрекеті Йеменнің гуманитарлық және экономикалық мәселесін шешуде қандай да бір ілгерілеушілікке жол бермеу болып табылады»,- деді.

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің саяси кеңсесінің мүшесі Әли әл-Қахум да Twitter-де Йемендегі қазіргі жағдайға АҚШ пен Ұлыбритания жауапты деп жазды.

Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге әскери шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Йемендегі соғыс құрбандарының саны 11 мыңға жетті. Йеменде екі миллионнан астам бала дұрыс тамақтанбаудан, ал он жеті миллионнан астам йемендік, оның ішінде тоғыз миллион бала су, гигиена және денсаулық сақтау қызметтерінің жетіспеушілігінен зардап шегуде.