Бағдадтың «жасыл аймағында» шерудің аяқталғаны жарияланды
Бағдатта шеру өткізетін комитет өз мәлімдемесінде шерушілердің Ирак астанасының орталығында орналасқан «жасыл аймақтан» шыққанын хабарлады.
«Меһр» ақпарат агенттігінің Alsumaria News агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Бағдадта шеру өткізетін комитет шерудің аяқталғанын хабарлап: «Шерушілер имам Мұса Казем (ғ.с.)-ның шәһид болған күніне орай Бағдадтың «жасыл аймағынан» шықты. Олар имам Мұса Каземнің шәһид болғаны күніне арналған рәсімдер өткен соң Бағдаттың «жасыл аймағына» қайтып оралатындықтарын мәлімдеді» деді.
Ирактық шерушілердің Бағдаттың «жасыл аймағына» шабуыл жасап, олардың кейбіреуінің Парламент ғимаратына, Бағдадтың әрекеттер басқармасына кіруінен кейін қалада төтенше жағдай жарияланған болатын.