Амир Абдуллахиан: Иран мен Сирияның қарым-қатынас деңгейі өте жоғары
Иран Сыртқы істер министрі Сирия Президентінің Иран Президентін Дамаскқа ресми сапармен келуге шақырғанын айтып: "Екі елдің қарым-қатынас деңгейі өте жоғары",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдадпен кездесіп, сөйлескеннен кейін бірлескен баспасөз отырысында Дамаскқа барғанына ризалық білдіріп, қос тарап ИИР Президентінің Сирияға сапарын ұйымдастыруға бар күшін салады.
Амир Абдуллахиан сондай-ақ кейбір ақпарат құралдарында Иран мен Сирия арасында экономикалық келісімдерге қатысты пікір қайшылығы пайда болып, келісімдерді орындауда кешеуілдеу болғаны жайлы ақпаратқа тоқталып: "Иран мен Сирияның қарым-қатынас деңгейі өте жоғары. Бүгін Сирия Президенті екі ел басшыларының өзара байланысты одан ары кеңейтуді қалайтынын айтты",-деді.