Амир Абдуллахиан Иранның Сирия үкіметін қолдауды жалғастыра беретінін қуаттады
(last modified Sun, 15 Jan 2023 14:12:14 GMT )
Қаң 15, 2023 20:12 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Иранның Сирия үкіметін қолдауды жалғастыра беретінін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Сирия Президентімен кездесіп: "ИИР Сирияның қауіпсіздігі мен дамуын өзінің қауіпсіздігі мен дамуы санайды және Сирияны қолдауды одан ары жалғастырады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан сенбі күні Башар Асадпен кездесуінде екі елдің басшылары, соның ішінде Сыртқы істер министрлері деңгейінде жақсы да жақын әріптестік жасалып, кеңесулер болатынына тоқталып, бұл сапарды екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөніндегі кеңестері мен пікір алмасуларын толықтырып, жалғастыруға серпін беретін сапар деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі Сириямен қарым-қатынастың даму үдерісіне ризалық білдіріп, бұл өзгерісті Сирияның аймақтағы маңызды орнының белгісі деп атады.

Сирия Президенті де Ислам революциясының жетекшісі мен Иран Президентіне ыстық сәлем жолдап: "ИИР – Сирияға ең жақын ел. Соғыста да біздің жанымызда болды. Біз ИИР-дың қолдауын ұмытпаймыз",-деді.

Тегтер