Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 4300-ден астам адамға жетті
(last modified Tue, 07 Feb 2023 11:46:38 GMT )
Ақп 07, 2023 17:46 Asia/Almaty
  • Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 4300-ден астам адамға жетті

Түркияда болған 7,8 балдық жер сілкінісінің соңғы жаңартылған статистикасы бойынша Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 4300-ден асты.

«NDTV» арнасы осыған орай Түркия мен Сириядағы көмек және құтқару топтарының дүйсенбі күнгі аязды түнде қатты жер сілкінісінен кейін құлаған мыңдаған ғимарат қирандыларының арасынан тірі қалғандарды табу үмітімен бос қолмен іздегенін хабарлады. Түркиядағы апатты жою топтары елдің бірнеше қаласында 5600-ден астам ғимараттың қирағанын, олардың арасында дүйсенбі күні таңертеңгі алғашқы жер сілкінісі кезінде пәтерлерінде ұйықтап қалған тұрғындарға толы көпқабатты үйлер де болғанын хабарлады.

Түркиядағы, әсіресе Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан  Кахраманмараш  қаласында болған жер сілкінісінің қарқындылығы бұл аудандардың тұрғындары арасында дүрбелең толқынын тудырды. 23 жастағы тілші Мелисса Салман оқиғаны былай сипаттады: «Біз бұл дүниенің ақыры деп ойладық. Біз мұндай жағдайды бірінші рет бастан өткердік».

Түркияның Төтенше жағдайларды басқару ұйымы (Афад) (сейсенбі) бұл елде қазір 2921 адамның қаза тапқанын және Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің жалпы санының 4365-ке жеткенін хабарлады. Түркияның Төтенше жағдайларды басқару ұйымы сондай-ақ Түркияда 14 мыңнан астам адамның жарақат алғанын және Сирия билігі бұл елде кемінде 3411 адамның жарақат алғанын хабарлады.  

 

Тегтер