Каани Алеппода зілзаладан зардап шеккен аудандарды аралады
(last modified Thu, 09 Feb 2023 11:35:07 GMT )
Ақп 09, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Каани Алеппода зілзаладан зардап шеккен аудандарды аралады

Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Исмаил Каани сәрсенбі күні түстен кейін Сирия халқына көмек беру жұмыстарын бақылау үшін елдің солтүстік-батысындағы Алеппо қаласына барды.

Сардар Исмаил Каани Алеппо қаласында ирандық құтқарушылардың іздестіру жұмысын бақылады.     

Сәрсенбі күні кешке Иранның гуманитарлық көмегін тиеген төртінші ұшақ Алеппо халықаралық әуежайына қонды.

Бұған дейін Иранның гуманитарлық көмегін тиеген бірінші ұшақ Дамаск әуежайына, екінші ұшақ Алеппо әуежайына, үшінші ұшақ Латакия әуежайына қонып, жүк түсірді.  

Тегтер