Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мың адамға жетті
(last modified Wed, 15 Feb 2023 11:42:56 GMT )
Ақп 15, 2023 17:42 Asia/Almaty

Ресми мәліметтерге қарағанда, Түркия мен Сирияда өткен аптада болған адам өліміне әкелген жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған «Афад» жедел жәрдем орталығында сөйлеген сөзінде елде жер сілкінісінен осы уақытқа дейін қаза тапқандар саны 35 418 адамға жеткенін, 105 505 адам жараланғанын хабарлады.

Басқа жақтан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы (SOHR) кеше кешке қарай жариялаған есебінде Сирияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 5417-ге жеткенін жариялады.

 

Тегтер