Түркия мен Сирияда зілзала құрбандары саны 41 мыңнан асты
(last modified Thu, 16 Feb 2023 20:38:11 GMT )
Ақп 17, 2023 02:38 Asia/Almaty
  • Түркия мен Сирияда зілзала құрбандары саны 41 мыңнан асты

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен осы күнге дейін 41 мыңнан аса адам қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияда зілзаладан кемінде 35418 адам, Сирияда 5800-ден аса адам қаза тапты.

Түркияның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасы: "Осы кезге дейін елде 3858 афтешок болды",-деп хабарлады.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Антакия қаласында бір ана мен екі бала зілзаладан 228 сағат өткеннен кейін үйінді астынан шығарылды.

Сәрсенбі күні Түркияда үйінді астында қалған 74 жастағы әйел зілзаладан 227 сағат өткеннен кейін құтқарылды.

Тегтер