Иранның гуманитарлық көмегін тиеген тоғызыншы ұшақ Алеппоға қонды
(last modified Fri, 17 Feb 2023 13:34:08 GMT )
Ақп 17, 2023 19:34 Asia/Almaty
  • Иранның гуманитарлық көмегін тиеген тоғызыншы ұшақ Алеппоға қонды

Иранның гуманитарлық көмегін тиеген тоғызыншы ұшақ Сирияның Алеппо әуежайына қонды.

Иранның тоғызыншы ұшағы Алеппода зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде 12 тонна азық-түлік әкелді.

Алеппода болған жер сілкінісі салдарынан 54 ғимарат толық қирап, 500 адам қаза тауып, көптеген адам жараланды. 750 адам ауруханада жатыр.

Кеше кешке Иранның 20 тонна гуманитарлық көмегін тиеген сегізінші ұшақ Алеппоға жеткен болатын.

Осы күнге дейін әлемнің 26 елі АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, 130 ұшақпен Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді.  

Тегтер