Түркияда құрбандар саны 41 мың адамнан асты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i67800
Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы: "Түркияда зілзала құрбандарының саны 41 020 адамға жетті",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 21, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • Түркияда құрбандар саны 41 мың адамнан асты

Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы: "Түркияда зілзала құрбандарының саны 41 020 адамға жетті",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы жұма күні елдің оңтүстігінде болған зілзала құрбандарының санын 40064 адам деп жариялаған болатын. Осы зілзала елдің 13 млн азаматының өміріне әсер етті.

Түркия СІМ-нің мәліметінше, қазіргі таңда әлемнің 67 елінен 5753 шетелдік азамат осы елдегі іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатыр.